07
март
2023
«Aigul' Kassymova» брендімен танысып, дизайнердің өзімен сұхбаттасып қайтты
Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, қоғам дамып, дүниеге жаңа мамандықтар келуде. Сондай мамандықтардың бірі сән әлеміндегі дизайнер. Қазақстанда сән әлемі өте қарқынды даму үстінде. Жастар арасында осы мамандықтың иесі болуға ұмтылып жатқандар жетерлік.
Осы орайда Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің технология пәні мұғалімі Алжанбаева Нұрбану Турарбековнаның ұйымдастыруымен мектеп оқушылары Эстонияның «көлеңкелі бір күн» жобасы аясында сән әлеміне өз есімін ойып жазып, тек елімізде емес, шетелдерде де танымал болып жүрген отандық дизайнеріміз Айгуль Касымованың сән үйіне барып «Aigul' Kassymova» брендімен танысып, дизайнердің өзімен сұхбаттасып қайтты.
Ұтқыр идеялар ұсынып, сәнді бұйымдар жасап, заманауи технологияларды ұтымды қолданып өз топтамасын KFW пен Mercedes Benz Fashion Week Almaty сән апталықтарында және Париж, Милан, Ресей мен Түркіменстанда өткен әлеуметтік іс-шараларда көпшілікке таныстырып жүрген Айгул ханым оқушылардың осы мамандықтың иесі болсам деген армандарын одан ары шыңдай түсті.