“Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” атты тарих бірлестігі
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі, Тәуелсіздік күні айтулы мереке қарсаңында тарих пәніне деген қызығушылықты дамытып, пән бойынша білім қорын кеңейту және тереңдету, сонымен қатар мұғалімдердің жұмысында қолданатын жаңа технологияларды, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа формаларымен бөлісу, шығармашылық қабілетін, кәсіби шеберлігін көрсетіп бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында “Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” атты тарих бірлестігі онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті.