06
декабрь
2023
5 «А» сынып оқушылары арасында тарих пән мұғалімі Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызының ұйымдастыруымен «Тарих білгірлері» атты тарихи-танымдық сайыс болып өтті
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейі, Тәуелсіздік күні айтулы мереке қарсаңында “Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры” атты тарих бірлестігі онкүндігінің жоспарына сәйкес жас ұрпақты өз Отанын сүюге,туған тарихын білуге және қастерлеуге үйрету мақсатында 5 «А» сынып оқушылары арасында тарих пән мұғалімі Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызының ұйымдастыруымен «Тарих білгірлері» атты тарихи-танымдық сайыс болып өтті. Сайыс барысында оқушылар 3-кезең бойынша сынға түсіп, өз тапқырлықтары мен білімдері арқасында көзге түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тәуелсіздік қандай киелі сөз!Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп,ой елегінен өткізсек,ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ»дейді дана халқымыз.Олай болса,өткенімізді еске түсіріп, болашаққа нық қадаммен басайық,қымбатты жас өрендер!