Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2025

📚✨ 1 Қыркүйек – Білім күні! ✨📚

📚✨ 1 Қыркүйек – Білім күні! ✨📚

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын өтті.
Бұл күн – мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін үлкен қуаныш, ал ұстаздар мен ата-аналар үшін толқынысқа толы ерекше сәт. 🌸

🔔 Жаңа оқу жылы жаңа арман, жаңа мақсат, жаңа белестерге бастайды.
Оқушыларымыздың әрқайсысы ғылымға, білімге құштар болып, еліміздің жарқын болашағына айналсын!

🌟 Білім ордасы – тек білім беретін мекен емес, ол – тәрбие мен мейірімнің, достық пен арманның тоғысқан ордасы.
Сол себепті мектебіміз әрбір оқушыға сенім, шабыт және болашаққа жолдама береді.

🎉 Биылғы жаңа оқу жылы ерекше мерекелік көңіл күйде басталды. Өйткені еліміздің Ата Заңы – Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр.
Конституция – ел бірлігі мен мемлекет тұтастығының кепілі, ал білім – сол бірлікті нығайтатын басты күш.

👩‍🏫 Мектеп-лицей директорының м.а. Мая Несіпбекқызы құттықтау сөзін айтып, жылы лебізін білдірді.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары тақпақтарын айтып, ән шырқап, би билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қадірлі ұстаздар қауымын, ата-аналарды және оқушыларды жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға мол табыс, зор денсаулық және биік жетістіктер тілейміз! 💐

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: