05
май
2026
«Елін сүйген ерлер – ел мақтанышы» атты аудандық іс-шара өтті
Жетусі аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде №2 жалпы білім беретін мектеп және №3 жалпы білім беретін мектептердің ұйымдастыруымен «Елін сүйген ерлер – ел мақтанышы» атты аудандық іс-шара өтті. Іс-шара барысында мектеп оқушылары салтанатты саптық шерумен патриоттық әндері орындады. Сонымен қатар, саптық жүріс элементтерін көрсетті. №3 жалпы білім беретін мектептің Алғашқы әскери және технологиялық пәнінің оқытушысы запастағы офицер подполковник Карабаев Құттыбек мырза мектеп оқушыларын мерекемен құттықтап, әр тұлғаның өз елін, жерін сүйетін нағыз жанашыр патриот азаматы болуға шақырды. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсетеотырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбектежеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!
[media=]
[media=]