Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
май
2026

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты іс-шаралар жоспары аясында 8 -сынып оқушыларымен «Қызыл кітаптағы тіршілік иелері: қазақша атаулар мен сипаттама» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілді нығайту — ұлт болашағына жасалған маңызды қадам. Тілді құрметтеу арқылы біз ұлттық құндылықтарды сақтап, келер ұрпаққа аманат етеміз. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Қызыл кітаптағы тіршілік иелері: қазақша атаулар мен сипаттама» атты танымдық сабақта оқушылар Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктердің қазақша атауларын үйреніп, олардың ерекшеліктері туралы мәлімет алады. Сабақ барысында мемлекеттік тілдің маңызы насихатталып, оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеуіне, ойларын дұрыс жеткізуіне көңіл бөлінеді.Табиғатты аялау мен ана тілді құрметтеу — әр азаматтың міндеті.
Ұйымдастырушы мұғалім: Бершимбекова А. К.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: