16
апрель
2026
«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты іс-шаралар жоспары аясында 7-сынып оқушыларымен «Ою-өрнек – үнсіз сөйлейтін ұлттық тіл» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының ою-өрнек өнері арқылы ұлттық мәдени мұраны таныту, оның мағынасын түсіндіру және мемлекеттік тілдің құндылығын дәріптеу.
Міндеттері:
– ұлттық ою-өрнектердің түрлері мен шығу тарихымен таныстыру;
– ою-өрнек арқылы берілетін мағыналық ақпаратты түсіндіру;
– оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
– мемлекеттік тілге деген құрмет пен қызығушылығын арттыру.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, ою-өрнектердің атауларын атап, олардың мән-мағынасын талдады. Сонымен қатар, оқушылар өз қолдарымен қарапайым ою-өрнек үлгілерін құрастырып, үлкен қызығушылық көрсетті.Танымдық сабақ жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың ұлттық өнерге деген
сүйіспеншілігін арттырып және мемлекеттік тілдің өміршеңдігін тереңірек сезінулеріне ықпал етті.Ұйымдастырушы мұғалім: Алмасбекова Г. А.
[media=]