15
апрель
2026
«Жаратылыстану пәндерінде цифрлық серпіліс: жасанды интеллект пен 3D модельдеу мүмкіндіктері»
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Жаратылыстану пәндерінде цифрлық серпіліс: жасанды интеллект пен 3D модельдеу мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – жаратылыстану пәндерін оқытуда цифрлық технологияларды тиімді қолдану, мұғалімдердің жасанды интеллект пен 3D модельдеу құралдарын сабақ үдерісіне енгізу құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында мазмұнды баяндамалар тыңдалып, шеберлік сабақтар мен ашық сабақтар көрсетілді. Қатысушы мұғалімдер заманауи әдіс-тәсілдермен танысып, өз тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Әсіресе, жасанды интеллектті қолдану, 3D модельдеу арқылы білімді визуализациялау бағыттары үлкен қызығушылық тудырды.Семинар-практикум соңында ұйымдастырылған «Бір семинар – мың идея» тренингі арқылы қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, семинардың практикалық маңызын ерекше атап өтті. Қорытындылай келе, бұл семинар мұғалімдер үшін жаңа идеялар мен тәжірибелер алаңына айналып, кәсіби дамуға серпін берген маңызды іс-шара болды.