15
апрель
2026
«Жаратылыстану пәндерінде цифрлық серпіліс: жасанды интеллект пен 3D модельдеу мүмкіндіктері»
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Жаратылыстану пәндерінде цифрлық серпіліс: жасанды интеллект пен 3D модельдеу мүмкіндіктері» атты қалалық семинар-практикум аясында география пәнінің мұғалімі Мықтыбекова Ардак Тлепалдиевна 9-сынып оқушыларымен «Қазақстанда табиғатты пайдаланумен байланысты туындаған проблемалар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың экологиялық мәселелерді талдау, себеп-салдарын анықтау және шешу жолдарын ұсыну дағдыларын дамытуға бағытталды.