17
апрель
2026
«Жаратылыстану пәндерінде цифрлық серпіліс: жасанды интеллект пен 3D модельдеу мүмкіндіктері»
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде «Жаратылыстану пәндерінде цифрлық серпіліс: жасанды интеллект пен 3D модельдеу мүмкіндіктері» атты химия-биология, география пәндер онкүндігінің жабылу салтанаты ұйымдастырылды.
Онкүндік барысында оқушылар белсенділік танытып, түрлі танымдық тапсырмалар мен жобаларға қатысып, өз білімдерін тәжірибеде қолдана білді. Жасанды интеллект пен 3D модельдеу құралдарын пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері дамыды.
Жабылу салтанатында оқушылар табиғатты қорғау тақырыбында әсерлі флешмоб билеп, қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің маңызын шығармашылық түрде жеткізді.
Іс-шара соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
Барлық ұстаздарға шәкірттерімізге сапалы білім беріп, осындай мазмұнды іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз!