Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2025

«Алматы таза қала»

Мектебіміздің ауласына мұғалімдер бірлесіп әсем гүлдер отырғызды. Бұл игі іс тек айналаны көркейту ғана емес, сонымен қатар оқушыларға табиғатты қорғау мен аялаудың жарқын үлгісі болды.

Бұл жұмыс «Алматы таза қала»
бағдарламасының мақсатына сай келеді.
Бағдарлама қоршаған орта мен табиғатқа деген құндылыққа негізделген жауапты көзқарасты қалыптастыру арқылы экологиялық мәдениетті дамыту мен тәрбиелеуді көздейді.
Міндеттердің бірі экологиялық мәдениетті және жауапты мінез-құлыққа уәждемені қалыптастыру, арнайы курстар мен жобалар арқылы экологиялық сауаттылықты арттыру. Бүгінгі көгалдандыру ісі де осы міндеттердің нақты жүзеге асқан көрінісі болды.
Мұғалімдердің бірлескен еңбегі арқылы мектеп ауласы жайнап қана қоймай, экологиялық мәдениетті дамытуға, табиғатты аялауға деген практикалық дағдыларды қалыптастыруға үлес қосылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: