Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 14 наурыз – барша қазақ елі үшін ерекше күн *Көрісу күні*.
12
март
2026

14 наурыз – барша қазақ елі үшін ерекше күн *Көрісу күні*.

14 наурыз – барша қазақ елі үшін ерекше күн. Бұл күн – амандасып, көрісіп, бір-бірімізге ақ тілегімізді айтып, татулық пен бірлікті нығайтатын *Көрісу күні*.
Осы айтулы мерекеде 4-сынып оқушылары баршаңызды шын жүректен құттықтайды! Көктеммен бірге әр шаңыраққа қуаныш, береке және бақ-дәулет келсін. Ағайын-туыс, дос-жаран аман болып, елімізде әрдайым татулық пен бейбітшілік орнасын.
Үлкендерге – құрмет, кішілерге – ізет көрсететін осындай ұлттық дәстүріміз әрдайым жалғаса берсін. Әр күніміз жақсылыққа толы болып, жүрегіміз мейірім мен қуанышқа толсын.
Қадірлі ағайын! Сіздерді 14 наурыз – Көрісу күнімен құттықтаймыз!
Ізгі тілектеріңіз қабыл болып, әр үйге шаттық, денсаулық
және молшылық тілейміз.

Ізгі тілекпен – 4-сынып оқушылары. 🌷
[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: