16
февраль
2026
"Үздік цифрлық сабақ" байқауының мектепішілік кезеңі өтілді.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу міндеттерін іске асыру аясында ұйымдастырылған "Үздік цифрлық сабақ" байқауының мектепішілік кезеңі өтілді. Байқау барысында мұғалімдеріміз заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолданып, өз сабақтарының құрылымы мен әдіс-тәсілдерін жан-жақты таныстырды. Әріптестеріміз креативтілігімен, ізденімпаздығымен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленді. Оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы да айқын көрінді.
Цифрлық білім беру – уақыт талабы. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға алғыс білдіреміз!
Мектепішілік кезеңнің жеңімпаз ұстаздарын құттықтай отырып, аудандық кезеңге жолдама алған ұстазымыз Сраимова Самал Сагатовнаға тек сәттілік пен жоғары нәтиже тілейміз!
[media=]