09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізілді.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Өлеңмен өрнектелген өмір» – қазақтың көрнекті ақыны, лирик Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кештің мақсаты – ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттау, өлеңдеріндегі адамгершілік, отансүйгіштік, махаббат пен өмірге құштарлық идеяларын жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, өлеңдері мәнерлеп оқылды, ақын сөзіне жазылған әндер орындалды, оқушылардың әдеби-шығармашылық қабілеттері таныстырылды. Іс-шара қатысушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, рухани-эстетикалық тәрбие беруге бағытталады.
Ұйыдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі