13
февраль
2026
«Тәртіп – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
[media=]
📚 Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде
ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, «Тәртіп – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында маңызды кездесу өтті.
Жиынға Жетісу ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Базарбек А.Т., ювеналды полиция бөлімінің басшысы Матеев А.С., мектеп директоры Батырбекова Н., ДТІЖО Әтшібай Қ., Жолдыбаева Д. және мектеп психологтары Меделхан А. қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың тәртібі мен қауіпсіздігі, интернеттегі қауіп-қатерлер және ата-ананың жауапкершілігі жайлы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар ата-ана мен мектептің бірлескен әрекеті ғана баланың қауіпсіз әрі саналы тұлға болып қалыптасуына негіз болатынын атап өтті.
Жиын ата-аналарға пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті терең сезінуге мүмкіндік берген тағылымды кездесу болды.
Тәртіпке баулу – қауіпсіз болашақтың кепілі.