30
сентябрь
2025
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігі аясында 7 «а» сыныбында «Күлтегін» жырының тарихи-көркемдік құндылығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың оқу мақсаты кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемені салыстырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру. Сабақ барысында пән мұғалімі оқушыларға сабақтың мақсатын ашуда түрлі тапсырмалар ұсынды. Оқушылар жыр үзінділерін оқи отырып, шығарманың тарихи құндылығын жан-жақты аша білді. Сонымен бірге «Егер мен Күлтегіннің замандасы болсам... » тақырыбында шағын ойтолғау жазып, өздерінің арман-қиялдарын ортаға салды. Сабақ соңында жасанды интелект арқылы Күлтегінді сөйлетіп, «Егер Күлтегін бүгінгі ұрпағына үн қатса, ол сөздері мынадай болар еді» деп бүгінгі ұрпақты білімді, оқуға құштар, саналы, отаншыл болып өсуге шақырған сөзі тыңдалды. Сабақ барысында оқушылар өз-өздерін бағалай алды. «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс берілді. Сабақ өз мақсатына толық жетті, үлгілі сабақ деп танылды. Пән мұғалімі Сейлбекова Гүлбахша Қуаныштайқызына үлкен алғыс білдіреміз.




