Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өз әрекеттері үшін жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сабағы
24
ноябрь
2025

«Өз әрекеттері үшін жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сабағы

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 10Б сыныбында «Өз әрекеттері үшін жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сабағы ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушыларға жауапкершілік ұғымын түсіндіру, қабылдаған шешімдердің салдарын бағалау, өз әрекетіне жауап бере алатын тұлға қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар күнделікті өмірдегі жауапты әрекеттердің маңызы, жасөспірімдерге қойылатын құқықтық және моральдық талаптар жайлы пікір алмасты. Жеке жұмыстар, ситуациялық тапсырмалар және талқылаулар арқылы оқушылар жауапкершілік дағдыларын шыңдады.
Тәрбие сағаты оқушылардың өзін-өзі тануына, мінез-құлықтағы саналы әрекетті қалыптастыруға және қоғамдағы азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталды.
Сынып жетекшісі Исаева Алия Зарлыкхановна

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: