25
ноябрь
2025
Самал су зауытына қызықты да танымды экскурсияға барды.
20.11.2025 ж 8"Г" сынып оқушылары Самал су зауытына қызықты да танымды экскурсияға барды. Экскурсия басталған сәттен-ақ зауыттың таза, тәртіппен ұйымдастырылған жұмысы көзге түсті.
Зауыт мамандары бізді жылы қарсы алып, судың қайдан алынатынын, қалай сүзгіден өтіп, тазартылатынын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Әр кезеңді өз көзімізбен көріп, табиғи судың қандай күрделі, жауапты процестен өтетінін білдік. Әсіресе бөтелкелердің толтырылу жылдамдығы мен автоматтандырылған жүйелердің жұмысы бәрімізді таңғалдырды.
Экскурсия барысында балалардың қызығушылығы артып, көптеген сұрақтар қойылды. Мамандар әр сұраққа сабырмен жауап беріп, жұмыстың қаншалықты жауапты екенін түсіндірді. Зауыттағы еңбек тәртібі, тазалық пен қауіпсіздік талаптарының жоғары деңгейі ерекше әсер қалдырды.
Сапар соңында біз таза әрі сапалы “Самал” суының қалай дайындалатынын толық түсініп, өндіріс әлеміне бір қадам жақындағандай болдық. Бұл экскурсия біз үшін тек танымдық қана емес, болашақта кәсіп таңдауға ықпал ететін маңызды тәжірибе болды.
Сынып жетекшісі Сариева Ләззат