03
октябрь
2023
3 “Ә” сыныбында “Тазалық – денсаулық кепілі” тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицейінде тәрбие жоспарына сәйкес 3 “Ә” сыныбында “Тазалық – денсаулық кепілі” тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: тазалықтың адам өмір сүруі үшін аса қажеттілігін, оны сақтай білудің адам өміріндегі маңызы, микробтардың ағзаға қауіптілігі, кір қолдың қандай ауруға әкеліп соқтыратыны, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын түсіндіру; ортаны таза ұстап, аялауға, өз денсаулықтарына немқұрайлы қарамауға, спортпен айналысуға, таза жүруге, жинақылыққа тәрбиелеу. Оқушылар сабақ барысында тақырыпқа сай бейнесабақ көріп, сұрақтарға жауап беріп, тазалықты сақтау туралы өз ойларын ортаға салды. Сынып жетекшісі: Кунбасова Гүлжамал Оңласынқызы.