20
ноябрь
2025
9”А” сыныбында “Кенесары-Наурызбай” поэмасының кейіпкерлер бейнесі тақырыбында ашық сабақ өтті.
Тәлімгерлер онкүндігінің аясында 9”А” сыныбында “Кенесары-Наурызбай” поэмасының кейіпкерлер бейнесі тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың оқу мақсаты: Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау.
Сабақ барысында пән мұғалімі сабақтың мақсатын ашуда түрлі тапсырмалар ұсынды. Оқушылар поэмадан үзінділер оқи отырып, кейіпкерлер бейнесін жан-жақты аша білді. Сонымен бірге “Кенесары-Наурызбай” дастанының біздің тарихымыз үшін маңызы қаншалықты деп ойлайсың?”-тақырыбында шағын ойтолғау жазып, өздерінің пікірлерін ортаға салды.
Жаңа сабақ барысында жасанды интеллект арқылы Қасым хан өзінің мұрагері Кенесары батырдың өмірі туралы қысқаша баяндап берді. Оқушылар бейнематериалды ерекше ықыласпен тыңдап, өз ойларымен бөлісті. Сабақ барысында, жеке, топтық, шығармашылық тапсырмалар орындау барысында кейіпкерлерге сипаттама бере отырып, оқушылар ерлік пен батырлық, қиындыққа мойымау, Отансүйгіштік, қайсарлық пен төзімділік сияқты қасиеттерді бойларына сіңіре білді.
“Білім почтасы” әдісі арқылы кері байланыс берілді. Сабақ өз мақсатына толық жетті, үлгілі сабақ деп танылды.
“Кенесары-Наурызбай” дастаны- халқымыздың азаттық жолындағы күресін айқын бейнелеген, ұрпаққа үлгі болатын мәңгілік туынды. Сондықтан да бұл шығарманың рухани мәні мен тәрбиелік тағылымы ешқашан өз маңызын жоймайды.