Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Инновациялық авторлық бағдарламаларды білім беру жүйесіне енгізу: тәжірибе, нәтижелер, болашақ" атты авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу
08
апрель
2025

"Инновациялық авторлық бағдарламаларды білім беру жүйесіне енгізу: тәжірибе, нәтижелер, болашақ" атты авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу

«Инновациялық авторлық бағдарламаларды білім беру жүйесіне енгізу: тәжірибе, нәтижелер, болашақ» атты авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу мақсатында мазмұны жағынан өте құнды қалалық семинар болып өтті.
2025 жылдың 8 сәуір күні Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы « Инновациялық авторлық бағдарламаларды білім беру жүйесіне енгізу: тәжірибе, нәтижелер, болашақ» тақырыбында авторлық бағдарламаларды тәжірибе алмасу мақсатында қалалық семинар өтті. Семинарда Жетісу ауданы білім бөлімінің әдіскері Наймангельдиева Гульшарат Койшыбаевна мен мектеп -лицей директоры Айтуган Омирбек сөз сөйлеп, педагогтарымызға сәттілік тіледі. Семинар барысында педагогтер өздерінің тәжірибесімен еркін бөлісіп, білім беру үдерісіне енгізілген авторлық бағдарламалардың тиімділігі мен нақты нәтижелері ұсынылды. Қатысушылар үшін үлкен шабыт пен мотивация берген, болашақта жаңашыл идеяларды жүзеге асыруға жол ашқан мазмұнды шара болды. Семинарға сондай-ақ Жетісу, Алатау, Медеу, Наурызбай ауданы мектептерінің пән мұғалімдері қатысып, кері байланыстарын берді. Семинар барысында мектебіміздің педагог-зерттеуші мұғалімдері авторлық бағдарламалар туралы тәжірибелерімен бөлісті. Семинарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Капсаланова Шолпан Дженисовна жүргізді. Семинар соңында Жетісу, Алатау, Медеу, Наурызбай ауданы қалалық мектептерінің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдері арасынан бірнеше кері байланысты ауызша және https://padlet.com платформасы арқылы жазбаша пікірлерін қалдырып, семинарға ұсыныстары мен жылы лебіз тілектерін жолдады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: