16
октябрь
2025
“Қазыналы қарттар” мерекесіне орай
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 5 “А” сынып оқушылары мен жетекшісі Айнажан Мыңбаева “Қазыналы қарттар” мерекесіне орай ауданымыздың қадірлі қариялары мен ардагерлері — Әбдібек Шүкірбеков пен Сақыпжамал Қадырбайқызының шаңырағына арнайы барып, сый-құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын алып қайтты.
Оқушылар өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын ұсынып, жүрекжарды өлеңдерін оқып, қариялармен әңгімелесіп, олардың өмір жолынан тағылымды сабақ алды.
Бұл кездесудің мақсаты — үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетудің ұлттық дәстүрін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен рухани құндылықтарды сіңіру болды.
Қариялар өз кезегінде ұрпақ сабақтастығының маңызын атап өтіп, шәкірттерге ақ жол тілеп, өнегелі өсиеттерін жеткізді.
Осындай кездесулер жас буынның жүрегінде мейірім мен құрметтің, ізгілік пен имандылықтың дәнін себеді.