Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
апрель
2025

«Жалқаудың жыры» ертегісі

Сүйінбай атындағы #143 мектеп- лицейдің 1-4 сынып оқушылары Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып,
Айдана Аламанның «Жалқаудың жыры» ертегісін тамашалап қайтты. Ертегіде қазіргі балалар қоғамында, әр отбасында болатын оқиғаны Жігер атты кейіпкердің күнделікті өмірі арқылы суреттейді. Ертегінің жас бүлдіршіндерді, достыққа адал болу, өз дегеніне жету, еңбекқорлық пен әдептілік секілді ізгі адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәрбиелік мәні үлкен. Ақпараттық технологиялар дамыған заманда бала санасы мен ой өрісіне пайдасымен қатар кері әсерін тигізетін смартфондарды сөйлетіп, ойыншықтарды тірілтеді. Қойылым кішкентай көрермендерді жалқаулық пен еріншектіктің арты жақсылыққа апармайтынын ерекше тартымды әрі шытырман оқиғамен өзіне баурап алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: