Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 4-сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді.
04
февраль
2025

4-сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді.

Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 4-сынып оқушылары арасында «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбында сахналық қойылым көрсетілді.
Мақсаты: ертегіні сахналап қою, мағынасын ашу, актёрлық шеберлікке тәрбиелеу, баланың тілін жаттықтыру, жақсы мен жаманды ажырата білуді үйрету.
«Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады», – дейді Ыбырай Алтынсарин. Расымен де, бала тәрбиесінде ертегінің атқарар рөлі үлкен. Балалар өздерін ертегі кейіпкерлеріне теңеп, соларға еліктейді. Өзіне ұқсас кейіпкерді бейсаналы түрде таңдап, соның әрекеттерін қайталауға тырысады. Жалпы ертегілер тәрбиенің негізгі құралы болғандықтан, оқитын ертегіні таңдауда мұқият болған абзал.
4 «А» сыныбы «Үйшік» ертегісін, 4 «Ә» сыныбы «Бауырсақ» ертегісін, 4 «Б» сыныбы «Шегіртке мен Құмырсқа» ертегісін, 4 «В» сыныбы «Сатылған көлеңке» ертегісін, 4 «Г» сыныбы «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін сомдады.
Ұйымдастырушы сынып жетекшілер: Тұрапбаева Қарлығаш, Кунбасова Гүлжамал, Жеңіс Ханшайым, Үмбеталива Айдана, Айтбекова Лаура.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: