Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
январь
2025

Ата-аналар жиналысы

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде, 6 А,7 А,
7 Ә,7 В,10 Б сыныптарының ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып,ата-аналарға педагогикалық қолдау бағдарламасының жоспарына сәйкес, маңызды баяндамалар тыңдалды, сондай-ақ, таныстырылымдар көрсетілді. Жиналыс барысында сабақтан кешікпеу, оқушылардың сабаққа қатысуы мен сабақтан себепсіз қалмау, мектеп формасының сақталуы, құқықбұзушылықтың алдын алу,балалардың сабақ үлгерімі т.б мәселелер талқыланды.
Ата-аналар мен ұстаздар арасында пікір алмасып, оқушылардың оқу процесін жақсарту және мектептегі тәртіпті сақтау бойынша бірқатар ұсыныстар мен шешімдер қабылданды.
Мектеп пен ата-аналар арасындағы тығыз байланыс – баланың білім алуындағы ең басты факторлардың бірі екені сөзсіз. Алдағы уақытта да оқушыларымыздың жақсы нәтижелерге жетуі үшін бірлесе жұмыс істей беретін боламыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: