02
февраль
2024
" Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады" тақырыбында 9 сыныптардың жалпы ата-аналар жиналысы өтілді
Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицейде орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша, әдістемелік ұсыным негізінде мектепішілік тәрбие жоспарына орай " Балаға мамандық таңдауға қалай көмектесуге болады" тақырыбында 9 сыныптардың жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыс барысында оқу ісінің орынбасары Диханбаева Мая және кәсіби бағдар беруші педагог Әділбай Мадина мамандық таңдау бойынша бағыт-бағдар берді. Ата-аналар жиналыста " Қандай мамандықтың рөлі зор? ", Мамандық таңдаудағы ата-ананың рөлі? , " Жанұяңызда балаңыздың болашақ мамандығы туралы талқыладыңыз ба? " т.б сұрақтар төңірегінде ой бөлісті.