Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты тарих пәнінің онкүндігінің ашылуы
06
декабрь
2022

"Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты тарих пәнінің онкүндігінің ашылуы

Жетісу ауданы,Сүйінбай атындағы №143 мектеп – лицейде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай "Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы" атты тарих пәнінің онкүндігінің ашылу салтанатты жиыны болып өтті
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 31 жыл. Осы жылдар ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекетімізді мақтан етеміз!





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: