Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы
08
сентябрь
2022
«Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол»
Алматы қаласының Білім басқармасы Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен «Мектепке жол» Республикалық акциясы Жетісу ауданы №143 мектеп-лицейде 2022 жылдың 1 - 30 тамыз аралығында өтті. Акцияның мақсаты: Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға,
«ЖАСЫЛ МЕКТЕП» бағдарламасы
07
сентябрь
2022
«ЖАСЫЛ МЕКТЕП» бағдарламасы
Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейде Б. Өтемұратов қорының қолдауымен «ЖАСЫЛ МЕКТЕП» бағдарламасы аясында ашылған жылыжайда бүгін (06.09.2022ж. күні) биология пәні мұғалімі А. К. Бершімбекова А.Ө Адинова және мектеп оқушылары жазғы демалыстан кейін көкөністердің (қияр, қызанақ, болгар бұрышы, аскөк т. б) көшетін және тұқымдарын отырғызды.
"Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс" тақырыбына тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен  кездесу өтті.
10
декабрь
2021
"Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс" тақырыбына тарих пәні
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Желтоқсан оқиғасының" 35 жылдығына орай "Тәуелсіздік ащы термен келген тәтті жеңіс" тақырыбына тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесу өтті. Кездесудің қадірлі қонақтары "Желтоқсан Ақиқаты" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасының орынбасары Нүргалиева Шолпан Калмахановна мен осы ұйымның белсенді мүшесі Нұргалиева Айман Калмахановна және мектебіміздің
«Білім берудің кілті неде?» атты тақырыпта коучинг өткізілді
18
ноябрь
2021
«Білім берудің кілті неде?» атты тақырыпта коучинг өткізілді
18.11.2021 жылы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО АҚФ АҚФ ББЖ ҚБАРИ Менеджмент және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушылары Бақтыбек Амантайұлы мен Ануар Байқоныстың ұйымдастыруымен «Білім берудің кілті неде?» атты тақырыпта коучинг өткізілді. Коучинг барысында мектеп мұғалімдерімен коучтар білім берудің кілті балаларға қажетті базалық дағдыларды үйретуден бастау алатындығы туралы талқылау жасады.
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП"  жылыжайы
15
ноябрь
2021
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП" жылыжайы
Б. Өтемұратов қорының ұйымдастыруымен мектебімізде ашылған "ЖАСЫЛ МЕКТЕП" жылыжайында бүгінгі күнде биология пәні мұғалімі А.Бершімбекова мен мектеп оқушылары өсірген аскөктерін жинап, мектеп асханасына өткізді. Асхана қызметкерлері осы жылыжайда өсірілген табиғи өнімдерін мектеп ұжымына тегін ұсынды.
Мектеп дәлізіне  үстел теннисі қойылды
29
октябрь
2021
Мектеп дәлізіне үстел теннисі қойылды
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің базасына оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жас ұрпақтын денсаулығын нығайту мақсатында мектеп дәлізіне үстел теннисі қойылды. Оқушыларымыз бос уақыттарында, бір мезгіл үстел теннисіне келіп ойнап, бой сергітулеріне болады. Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ кепілі!
Ұстаздарға толағай табыстар мен  тек сәттілік тілейміз!!
29
октябрь
2021
Ұстаздарға толағай табыстар мен тек сәттілік тілейміз!!
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицей ұстаздарының қолайлы жұмыс жасауы үшін мектеп-лицей тарапынан 30 принтер ұстаздардың пайдалануына берілді. 28 принтер ұстаздардың жеке кабинеттеріне, қалған 2 принтер мұғалімдер бөлмесіне қойылды.Ұстаздарға толағай табыстар мен тек сәттілік тілейміз!!