Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09.02.2026 жылы Жас мамандар айлығының салтанатты ашылуы өтті.
09
февраль
2026
09.02.2026 жылы Жас мамандар айлығының салтанатты ашылуы өтті.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 09.02.2026 жылы Жас мамандар айлығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында жас мамандар кішігірім қойылым қойып, жас маман өлеңін шырқады. Сонымен қатар, қатысушыларға арналған көптеген қызықты әрі тартымды ойындар ұйымдастырылды. Салтанатты ашылу жоғары деңгейде өтіп, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады!!![media= ]
«Мұқағали Мақатаев. Ғасыр ақынына 95 жыл» атты әдеби-сазды кеш
09
февраль
2026
«Мұқағали Мақатаев. Ғасыр ақынына 95 жыл» атты әдеби-сазды кеш
📚Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің 6–7 сынып оқушылары Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында өткен Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Мұқағали Мақатаев. Ғасыр ақынына 95 жыл» атты әдеби-сазды кешке қатысты. Кеш барысында оқушылар ақынның жүрекке жетер өлеңдерін жатқа айтып, өз өнерлерін көрсетті.
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізілді.
09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби кеш
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Өлеңмен өрнектелген өмір» – қазақтың көрнекті ақыны, лирик Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізілді. Әдеби кештің мақсаты – ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасын насихаттау, өлеңдеріндегі адамгершілік, отансүйгіштік, махаббат пен өмірге құштарлық идеяларын жас ұрпақтың бойына сіңіру. Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, өлеңдері мәнерлеп оқылды, ақын сөзіне жазылған әндер
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай 4-сынып оқушылары арасында  жарыс өтті.
09
февраль
2026
Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай 4-сынып оқушылары
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай 4-сынып оқушылары арасында ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарыс өтті. Мақсаты: 4-сынып оқушылары арасында Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын насихаттау, поэзияға деген қызығушылықты арттыру, өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, көркем сөз мәдениетін қалыптастыру және ұлттық әдеби мұраға құрмет сезімін тәрбиелеу. Сайыстың міндеттері: – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
09
февраль
2026
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – әрбір азаматтың ортақ
Алматы қаласы Дін істер басқармасы Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Толегенова Жанель жоғары сынып оқушыларына діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндірмелі әңгіме жүргізді.Діни экстремизм мен терроризм – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретін жат ағымдар. Олар адамдарды алдап-арбау арқылы өздерінің теріс мақсаттарына пайдаланып, ел бірлігі мен тыныштығын бұзуға тырысады. Сондықтан діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу – әрбір азаматтың ортақ