Аға тәлімгері мен өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің алғашқы кездесуі
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде мектептің жаңа аға тәлімгері мен өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – жаңа тәлімгерді таныстыру, оқушылармен танысып, ұйымның алдағы оқу жылындағы мақсаттары мен жұмыс бағыттарын айқындау болды. Жиын барысында аға тәлімгер оқушылармен еркін әңгімелесіп, олардың ұсыныстары мен ой-пікірлерін тыңдап, ұйым жұмысының маңыздылығын атап өтті. Өзін-өзі басқару ұйымы мектеп өмірінің белсенді орталығы ретінде оқушылардың