“Ұлттық теңге-Тәуелсіздігіміздің нышаны”тақырыбында тәрбие сағаты
Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейдің 5”Г”сынып оқушыларымен 15қараша -Ұлттық валюта -теңге күні “Ұлттық теңге-Тәуелсіздігіміздің нышаны”тақырыбында тәрбие сағаты болды.Мақсаты:Оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің шығу тарихы, экономикалық және рухани маңызы туралы толық түсінік беру, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыру. Теңгені – тәуелсіздіктің, елдің тұрақтылығы мен дамуының нышаны ретінде таныту. Қаржыға ұқыптылық, еңбек пен табысқа құрмет сезімін дарыту. Сынып жетекші:Сағатқан Г.Т