"Кәсіби бағдар – болашағыңның бастауы" атты сынып сағаты болып өтті.
Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде мектеп бітіруші түлектермен 2026 жылдағы ҰБТ өткізудің нұсқаулықтар мен ерекшеліктерін таныстыру және мамандық таңдауға бағыт бағдар беру мақсатында "Кәсіби бағдар – болашағыңның бастауы" атты сынып сағаты болып өтті. Сынып сағаты барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Н. Диханбаева ҰБТ бойынша нормативтік-құқықтық актілермен таныстырып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.