Ерлік сабағы
Ерлік сабағы Ерлік — ұрпаққа үлгі, тарихқа мұра болып қалатын ұлы қасиет. Батыр бабаларымыз ел мен жердің тәуелсіздігі үшін қан төгіп, жанын пида еткен. Біз осындай ер жүрек ата-бабаларымыздың арқасында бейбіт өмір кешіп, көк Туымызды көкте желбіретіп отырмыз. Ерлік – тек соғыс алаңында ғана емес, күнделікті өмірде де көрініс табатын қасиет. Елін сүйген, Отанын қорғаған әрбір азаматтың ісі — ерлік.