Құрметті талапкер-2020! Сізге Тараз инновациялық-гуманитарлық университетті таңдауға кеңес береміз! » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті талапкер-2020! Сізге Тараз инновациялық-гуманитарлық университетті таңдауға кеңес береміз!
13
май
2020

Құрметті талапкер-2020! Сізге Тараз инновациялық-гуманитарлық университетті таңдауға кеңес береміз!

Құрметті талапкер-2020!
Сізге Тараз инновациялық-гуманитарлық университетті таңдауға кеңес береміз!
 
ТИГУ жаңартылған білім беру талабына сай кәсіби  құзырлы маман дайындауды негізгі міндет деп есептейді, сондықтан ұдайы прогрессивті даму қағидаларын берік үстанып келеді. Соған орай кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізуді, білім берудегі жаңашыл үдерістер мүмкіндігін пайдалана білуді күн тәртібінен түсірген емес.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайындағы отандық білім беру жүйесінің басым бағыттарын ойдағыдай жүзеге асыруда «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедра оқытушылары кәсіби шеберлігін, оқу-әдістемелік тәжірибелерін ұдайы жетілдіріп отырады.
Кафедрада жаңадан ашылған 6B09101–Ветеринарлық санитария (маман, оқу мерзімі 5 жыл) мамандығы аймақтың ауылшаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылық және жануартекті шикізатқа, өнімдерге ветеринарлық-санитарлық сараптау жүргізу салаларындағы мамандарға деген қажеттілікті қамтамасыз етеді.
Түлектер төменгі қызметтер бойынша жұмыс істей алады:
-Шекарадағы ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
-Індетке қарсы отрядтарда ветеринариялық-санитариялық инспекторы;
-Базарлардағы, зертханалардағы ветеринариялық-санитариялық инспекторы және ветеринариялық-санитариялық сарапшы;
-Ет өңдеу және шұжық консерві дайындау кәсіпорындарындары;
-Мемлекеттік кедендік мекемелерінде ветеринариялық-санитариялық қызмет;
-Биологиялық комбинаттар және биологиялық белсенді заттарды даярлау және олардың сапасын бақылау;
-Көлік және кедендегі бақылау өткізу пунктері;
-Ветеринариялық бағыттағы оқу орындары, мекемелер және ғылыми зерттеу институттары.
Студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында, көптеген пәндер "Ветеринаиялық санитарлық сараптау" оқу - ғылыми зертханасында, ауылшаруашылық кешендерінде, әр түрлі нысандарында өткізіледі.
Білімді жастар-ұлт болашағы
ТИГУ туралы толық мәліметтерді төмендегі парақшалар арқылы ала аласыздар.
ТИГУ әлеуметтік желілерде инста: @tigu_taraz
vk: tigutaraz
e-mail: tigu-press@mail.ru
twitter:@ tigu-press
ұял. тел: 87021072844

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: