Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейде үздік сынып жетекшілердің жұмыстарын жариялау, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейде үздік сынып жетекшілердің жұмыстарын жариялау, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру
22
февраль
2020

Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейде үздік сынып жетекшілердің жұмыстарын жариялау, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру

Сүйінбай атындағы №143мектеп-лицейде   үздік сынып жетекшілердің жұмыстарын жариялау, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, сынып жетекшілердің дарынды балалалармен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын дамыту,  жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жаңашыл педагогтарды анықтау мақсатында мектепішілік "Үздік сынып жетекші-2020" байқауы өткізілді.Байқауға мектебіміздің 8 сынып жетекші сынға түсті.Байқау 4бөлімнен тұрды.                      1."Мен сынып жетекшімін" өзін-өзі таныстыруы.2.Менің сыныбым өзгеше"бейнеролик.3."Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке" педагогикалық сұрақтар.,4"Өз өнерін көрсету.Байқау соңында жеңімпаздар анықталып,мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды."Үздік сынып жетекші" номинациясын 2"Д"сынып жетекшісі Ошақбай Әйгерім жеңіп алды.
Байқаудың мақсаты: Байқау  қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбие үдерісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту.
Кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау, сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық тәжірибесін айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибесін анықтау, тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларын көрсету болып табылады.Ұйымдастырушылар: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары            А. Джумахметова мен Д. Жолдыбаева, тәлімгер Н. Жүнісбаева, сынып жетекшілердің жетекшісі Ү. Шубай

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: