Біз туралы » Страница 63 » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жас дарын"  ғылыми жоба
14
октябрь
2020
"Жас дарын" ғылыми жоба
Сүйінбай айтындағы №143 мектеп-лицейдің 2"Ә" сынып оқушысы Ержанқызы Саида Республикалық "Жас дарын" ғылыми жоба инновациялық журналының ұйымдастыруымен "Ең үздік" ғылыми жоба байқауына қатысып, үздік жоба номинациясын жеңіп алды. Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Аманатова Айнұр Султанбаевна. Құттықтаймыз! 💐
"Бүтін сан және рационал сан"
14
октябрь
2020
"Бүтін сан және рационал сан"
№143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицейде 07.10-24.10 аралығында өтетін тәлімгерлер айлығының жоспарына сәйкес математика пәні мұғалімі Себдайрова Ғазиза Манапқызы 6 "Ә" сынып оқушыларымен қашықтан "Бүтін сан және рационал сан" тақырыбында жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде сабақ өткізді.
"Ұлттық және отбасылық құндылықтар"
14
октябрь
2020
"Ұлттық және отбасылық құндылықтар"
Алматы қалалық білім беру жаңа технологиялық ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына және Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің жоспарына сәйкес қашықтан оқыту кезінде пән мұғалімдерінің оқу платформаларын пайдалануын қадағалау мақсатында қалалық білім беру жаңа технологиялық ғылыми-әдістемелік орталығы оқу бөлімінің қазақ тілі әдіскері Тулегенова Сания Батырбековна және мектеп әкімшілігі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рысымбетова Гүлзәуре Аралбайқызының 6 "Ә" сыныбымен "Ұлттық және
OnlineMektep
14
октябрь
2020
OnlineMektep
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің жоспарына сәйкес қашықтан оқыту кезінде пән мұғалімдерінің оқу платформаларын пайдалануын қадағалау мақсатында мектеп әкімшілігі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейілбекова Гүлбахша Қуаныштайқызының 6 "А" сыныбымен өткен сабағына қашықтан қатысты.
"Өмірлік құндылықтар"
14
октябрь
2020
"Өмірлік құндылықтар"
№143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицейде 07.10-24.10 аралығында өтетін тәлімгерлер айлығының жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мустафаева Ақкүміс Калмұханқызы 8 "А" сынып оқушыларымен қашықтан "Өмірлік құндылықтар" тақырыбында жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде сабақ өткізді.
Құттықтаймыз!!!
14
октябрь
2020
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!! Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Әтшібай Құндыз Ақылсерікқызы қашықтықтан білім алу кезінде өзін- өзі тану пәнінен 10-сыныпқа онлайн форматта бейнесабақтарды дайындап, өз тәжірбиесімен бөліскені үшін еліміздің бірінші ханымы, елдің анасы Сара Алпысқызы Назарбаеваның алғыс хатымен марапатталды.Әріптесімізге тек шығармашылық табыстар тілейміз!!!
“БАЛАЛАР ӨКІЛДІКТЕРІН САЙЛАУ” онлайн форматта өткізілді.
13
октябрь
2020
“БАЛАЛАР ӨКІЛДІКТЕРІН САЙЛАУ” онлайн форматта өткізілді.
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің Жетісу ауданы Білім бөлімінің тапсырмасына сәйкес “БАЛАЛАР ӨКІЛДІКТЕРІН САЙЛАУ” онлайн форматта өткізілді. “Қазақстан Республикасында балалар құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілі”, мектепте балалар өкілдіктерін құру мақсатында ұсынылған кандидаттарға дауыс беру қорытындысы бойынша 10”Ә” сынып оқушысы Даулетқан Дарын ауданға ұсынылды.
Жердегі жұлдыздар
08
октябрь
2020
Жердегі жұлдыздар
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицей директоры Өмірбек Айтуғанұлының жолдаған челленджіндегі "Екі жұлдыз, бір тілек" ұсынысы бойынша "Жердегі жұлдыздар" атты фильмді мектеп ұжымына көруді ұсынған болатын. Осы тұрғыда мектебіміздің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Капсаланованың фильм туралы пікірі: Фильм өте қызықты, әрі тәрбиелік мәні зор. Фильмнің негізгі идеясы әр баланың өзінше ерекше екендігін жеткізуде. Бұл фильмде жұрттың барлығы ой-өрісі төмен, үмітсіз деп тапқан бала,
ЧЕЛЛЕНДЖ
08
октябрь
2020
ЧЕЛЛЕНДЖ
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Диханбаева Мая Несіпбекқызы "Ұлы педагогтардың еңбектері " атты челленджін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Саурықова Ғалия Ұзаққызына жолдайды.
ЧЕЛЛЕНДЖ
08
октябрь
2020
ЧЕЛЛЕНДЖ
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицей директоры Өмірбек Айтуғанұлы "Ұлы педагогтардың еңбектері " атты челленджін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Диханбаева Мая Несіпбекқызына жолдайды.