08
октябрь
2020
Жердегі жұлдыздар
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицей директоры Өмірбек Айтуғанұлының жолдаған челленджіндегі "Екі жұлдыз, бір тілек" ұсынысы бойынша "Жердегі жұлдыздар" атты фильмді мектеп ұжымына көруді ұсынған болатын. Осы тұрғыда мектебіміздің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Капсаланованың фильм туралы пікірі:
Фильм өте қызықты, әрі тәрбиелік мәні зор. Фильмнің негізгі идеясы әр баланың өзінше ерекше екендігін жеткізуде. Бұл фильмде жұрттың барлығы ой-өрісі төмен, үмітсіз деп тапқан бала, ақыр соңында сурет салудың хас шебері болып шығады. Сурет салу өнерін үйретуде өз үлесін қосқан сурет пәнінің мұғалімі Рам Никум жағдайдың түпкі себебін сезінеді. Рам қоршаған ортаның балаға деген көзқарасы мен қарым-қатынасын өзгертуге түбегейлі бел буып, баланың жан-жақты дамуына өз үлесін қосады. Мен де сіздерге осындай тәрбиелік мәні зор фильмдерді көруге кеңес беремін.