9-11 сыныптар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауы өтті » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-11 сыныптар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауы өтті
24
октябрь
2024

9-11 сыныптар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауы өтті

Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде 25 Қазан Республика күнін мерекелеу қарсаңындағы іс-шаралар жоспары бойынша 9-11 сыныптар арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауы өтті. Мақсаты, Қазақстанның өткені мен келешегі туралы білімдерін кеңейте отырып, ел тарихын білуге,Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез бен ұлттық намысты қалыптастыру. Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту болды.
10 «А» сынып оқушысы Әкімбай Аружан: «Қазақстан – маған ең қымбат, маңызды әрі менің сүйікті туған жерім. Бұл менің - Отаным. Қазақстанда жиырма миллионнан аса халық тұрады. Біз бірнеше түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті бір отбасындай мекен ететін, бейбітшілікті жақтайтын елміз. Ал бейбітшілік – болашақ армандағы еліміздің гүлденуінің ең маңызды шарты»-деп өз ойын бастаса, 11 «А» сынып оқушысы Бәтжан Назерке «Армандаған елімде – ең бастысы адалдық болу керек. Әр адам баласының бойында адалдық, жауапкершілік болса, біз армандаған Қазақстан құлпыра түсер еді. Сыбайлас жемқорлықпен күрессек, еліміз әлдеқайда көркейеді деген ойдамын. Мен елімді таза және әдемі етіп елестетемін. Елдегі экологияның жақсарғанын қалаймын,»-деп ойын қорытындылаған екен.
Оқушылардың үздік жұмыстары іріктеліп марапатталды.
[media=https://youtube.com/shorts/B5LgPT6564U]
[media=]

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: