07
октябрь
2024
«Буллинг, кибербуллингтен қалай қорғанамыз?» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті
Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде буллинг пен кибербуллингтің алдын-алу мақсатында мектеп-лицей оқушылары арасында «Буллинг, кибербуллингтен қалай қорғанамыз?» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтар төңірегінде ой өрбітті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында кибербуллинг мәселесіне назар аударды және осы мәселені реттеу үшін заңнамалық базаны әзірлеуді тапсырды.
БҰҰ кибербуллингті Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенцияның 19-бабын бұзады деп таниды. Бұл Конвенцияға сәйкес, кәмелетке толмағандарды кез келген физикалық, психологиялық немесе психикалық формадан қорғануға кепілдік беріледі. 2014 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы буллингтің кез келген нысанымен күрес бойынша қарар қабылдады және қатысушы-мемлекеттерді балалар мен жасөспірімдерді қорғау бойынша белсенді күресуге шақырды.