Тоқсанның соңы: ТЖБ тапсыратын уақыт » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тоқсанның соңы: ТЖБ тапсыратын уақыт
27
октябрь
2020

Тоқсанның соңы: ТЖБ тапсыратын уақыт

🔹️ Тоқсанның соңы: ТЖБ тапсыратын уақыт

⠀🔸️ Міне, оқу жылының бірінші тоқсаны аяқталуға жақын, демек, оқушылардың БЖБ және ТЖБ бағалау көрсеткіштері негізінде тоқсандық бағалар қойылатын кез де келіп жетті.

⠀🔸️ Естеріңізге сала кетейік, 2-11 сыныптарда тоқсан бойынша жиынтық бағалау 2020 жылдың 28 қазанында басталады. Коронавирустық инфекцияға байланысты оқу жетістіктерін бағалау жүйесіне бірінші тоқсанда өзгерістер енгізілді. Пәндер мен сыныптар бойынша жиынтық бағалау өткізуге қатысты ұсыныстар төменде берілген.

⠀⠀- ТЖБ құрастыру кезінде балл саны көрсетілген пәндер бойынша ерекшелікке назар аудару қажет. Мұғалім өткен материал негізінде ТЖБ тапсырмаларын өз бетінше құрастырады.

⠀⠀- Тілдік пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалауда айтылым және тыңдалым дағдыларын тексеруді талап ететін оқыту мақсаттары кірмейді. Бұл ретте жазу және оқу дағдылары үшін ең жоғары балл 15 баллды құрайды.

⠀⠀- ТЖБ үшін балл қою кезінде мұғалім электрондық журналда ең жоғары баллды өзі белгілейді, ал жүйе пайыздық қатынаста қорытынды бағаны берілген ең жоғары балл негізінде есептейді. Сондықтан, егер сынып кезекші тобына және қашықтықтан білім алушыларға бөлінсе, бұл жағдайда екі дағды таңдалып тапсырмалар бүкіл сынып үшін дайындалады.

⠀⠀- Тілдік пәндер бойынша толық штаттық режимде оқитын мектептерде жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған апта бойы сабақтарда өткізіледі.

⠀⠀🔹️ Педагог үшін келесі ақпаратты білу маңызды:
📌 Педагог білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін еркін таңдай алады және өзі әзірлей алады.

📌 Жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды (17-тармақ №125 бұйрық).

📌 Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады (22-тармақ №125 бұйрық).

📌 Жиынтық бағалауды өткізуге кез келген жұмыс түрін құрал ретінде алуға болады (диктант, бақылау, жоба, эссе, тест және т.б)

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: