Еліміздің педагогтеріне арналған «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты тегін онлайн-курсы басталады » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еліміздің педагогтеріне арналған «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты тегін онлайн-курсы басталады
21
июль
2020

Еліміздің педагогтеріне арналған «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты тегін онлайн-курсы басталады

Еліміздің педагогтеріне арналған «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты тегін онлайн-курсы басталады

Онлайн-курс еліміздің барлық педагогтерін кезең-кезеңмен оқытуды қамтитын кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Әрбір мұғалім, оның ішінде жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқитын студенттері де жылдың соңына дейін осы курстан тегін өту мүмкіндігіне ие болады.
 
Онлайн-курс бағдарламасы интернет-сервистермен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге бағытталған. Басты назар онлайн-сабақтарды жоспарлау мен тарату, виртуалды мұғалімдер кабинетінде жұмыс істеу, қазақстандық білім беру платформаларында оқушылармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуді ұйымдастыру дағдыларына, сонымен қатар қашықтан оқыту форматының әдіснамасына, жаңа оқыту жағдайында бағалауға аударылатын болады. 

Бұл курс қатысушылардың білім алуда өз бетімен уақыт және жылдамдықты таңдай алуы үшін бейсинхронды форматта өтеді.

@edu_news_qz

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: