Ұстаз-ұлы есім!!
Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ."Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі" - деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол - ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.