Материалы за 02.10.2020 » КГУ «Школа-лицей №143» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77073096481 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521
Нашар көрушілер
нұсқасы
Құттықтаймыз!!
02
октябрь
2020
Құттықтаймыз!!
"Мұғалімдер күні" кәсіби мерекесіне орай жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбегі мен жоғары көрсеткіштері  және ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Саламатова Балданай мен бастауыш сынып мұғалімі Макенова Шолпан Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы С.А.Кусаинова мен Қалалық "Ұстаз" кәсіподағы Жетісу аудандық филиалының м.а Қ.Б.Егемованың мадақтама грамотасымен марапатталды!!!
Құттықтаймыз!!
02
октябрь
2020
Құттықтаймыз!!
Алматы қаласы, Жетісу ауданы,  Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейінің ұлағатты ұстаздары Шарипова Қарақат пен Умиралиева Мәртайды мереке қарсаңына орай Жетісу ауданы әкімінің м.а  Д.Әкежанов "Алғыс хатпен" марапаттады. Ұрпаққа тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңіздерді ескере , Сізді "Ұстаздар күні" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін алғыс
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!
02
октябрь
2020
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға!
Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Сүйінбай атындағы № 143 мектеп-лицейдің аяулы да қымбатты ұстаздары  Мусанова Ляззат Каримовна мен Серикбаева Орынгуль Алпысовна "Ұстаздар күніне" орай  Алматы қаласының білім беру жүйесіне және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісіне сіңірген еңбегі мен тәуелсіз еліміздің рухани-әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды!
Ұстаз-ұлы есім!!
02
октябрь
2020
Ұстаз-ұлы есім!!
Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ."Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі" - деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол - ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтан да ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.