08
июнь
2026
8 «Ә» сынып оқушысы Сарсембек Мансұр спорт саласында зор жетістікке жетті.
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің 8 «Ә» сынып оқушысы Сарсембек Мансұр спорт саласында зор жетістікке жетті.
Орал қаласында өткен Тай бокс (Muay Thai) бойынша 2026 жылғы Қазақстан чемпионатында 40 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Мансұр қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – оқушының табандылығы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мектеп ұжымының үлкен мақтанышы. Біз Мансұрдың жетістігімен шын жүректен мақтанамыз!
Аталған жетістігінің арқасында Сарсембек Мансұр әлем чемпионатына жолдама алып отыр.
Жас спортшымызды айтулы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы халықаралық жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!👏🏻🥇💪🏻