Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
29
ноябрь
2020
Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай Жамбыл атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен кітап көрмесіне Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің оқушылары және мектеп кітапханашысы Ғ.К.Данабекова барып,кітап көрмесін тамашалап қайтты.
"Жануарлардың бейнесін қолмен салу" әдісін пайдаланып психологиялық  жұмыс жүргізді
27
ноябрь
2020
"Жануарлардың бейнесін қолмен салу" әдісін пайдаланып психологиялық
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің мектепшілік жоспарына сәйкес мектеп психологтары Сағатқан Гүлмира мен Саурықова Сәуле бастауыш сынып оқушыларымен "Жануарлардың бейнесін қолмен салу" әдісін пайдаланып жұмыс жүргізді. Бұл әдісті бастауыш сынып оқушыларына ата-аналарымен бос уақытында қайталап жасауды ұсынамыз және сурет салу арқылы балаларды адамгершілікке, әсемдікке, сұлулыққа, жинақылыққа тәрбиелеуге болады.
"Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі"
23
ноябрь
2020
"Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі"
Бүгін, 23-қараша Жалпыадамзаттық құндылықтар күніне орай Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде "Жалпыадамзаттық құндылықтар-бақытты өмір негізі" атты мектеп кітапханашылары онлайн кітап көрмесін ұйымдастырды.
“Сөз төркіні” дебат клубы
20
ноябрь
2020
“Сөз төркіні” дебат клубы
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейі, “Сөз төркіні” дебат клубының алғашқы “Әлеуметтік желінің адамдарға әсері” тақырыбында пікірсайыс ойыны өтті. Екі жақ тарап өз ойларын айтып, талқыға салды. Әлеуметтік желі қазіргі уақытты қарқынды дамып жатқандықтан балаларға желіні дұрыс әрі тиімді пайдалану ұсынылды
Нұрдәулет Ақыштың "Махаббатпен арашалау" және "Аласа таулар аясында" атты шығармасының тұсау кесері
18
ноябрь
2020
Нұрдәулет Ақыштың "Махаббатпен арашалау" және "Аласа таулар аясында"
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің кітапханашылары Ғ. К. Данабекова мен А. Болатбекова мектеп оқушыларымен Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыштың "Махаббатпен арашалау" және "Аласа таулар аясында" атты шығармасының тұсау кесеріне қатысып, жазушымен кездесті. Кездесу барысында оқушылар жазушының оқыған еңбектерін айтып, ой бөлісті.
"Ұлы педагогтардың педагогикалық идеялары" тақырыбында директор жанындағы кеңес
17
ноябрь
2020
"Ұлы педагогтардың педагогикалық идеялары" тақырыбында директор
#143 Сүйінбай атындағы мектеп-лицейде мектепішілік жоспар бойынша "Ұлы педагогтардың педагогикалық идеялары" тақырыбында директор жанындағы кеңес өтті. Күн тәртібінде қаралды. 1. Ұлы педагогтардың педагогикалық идеялары. 2.11 сынып оқушыларының ҰБТ-ге дайындық барысы 3.Дарынды оқушылармен жұмыстың барысы
"Кітап-білім бұлағы" атты апталық
17
ноябрь
2020
"Кітап-білім бұлағы" атты апталық
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 5-14 қараша күндері аралығында “Кітап-білім бұлағы” атты онкүндік өткізілді. Осы онкүндік барысында жоспар бойынша көптеген іс-шаралар өткізілді. Бүгін, 16 қараша күні мектебімізде онкүндіктің қорытынды кешімен қатар 9 сынып оқушыларымен "Кітап-білім бұлағы" атты қашықтан вебинар өтті. Вебинарымызға Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы Кусаинова Салтанат Амангелдіқызы қашықтан қатысты. Қорытынды кеш соңында он күн бойы іс-шараға белсенді қатысқан
Хабарландыру
16
ноябрь
2020
Хабарландыру
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейі “Қазақстан балалары-күзгі интерактив!” жобасы аясында “Өзіңді қорға” - Республикадағы құқық қорғау ұйымдарының кеңесі өтетінін хабарлаймыз!
"Қазақстан балалары - күзгі интерактив"
12
ноябрь
2020
"Қазақстан балалары - күзгі интерактив"
Жетісу аудандық білім бөлімінің тапсырмасымен, мектепшілік жоспарға сәйкес «Қазақстан балалары – күзгі интерактив!»күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында «Біз салауатты өмір салытын қолдаймыз» танымал спортшылармен онлайн кездесу болып өтті.