Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
География пән мұғалімі Серікбаева Орынгүл Алпысқызы
13
сентябрь
2021
География пән мұғалімі Серікбаева Орынгүл Алпысқызы
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің ұстаздары дарынды шәкірттерімен оқушылардың зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастыруды жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін ғылыми жоба байқауына дайындықты бастап кетті. География пән мұғалімі Серікбаева Орынгүл Алпысқызы 10 "ә" сынып окушысы Асылбек Айшамен бірге " Шоктығы биік -Шоқан" тақырыбындағы ғылыми жоба барысын талқылауда.
"Өзін өзі басқару" ұйымының Президенттігіне сайлау өткізілді
12
сентябрь
2021
"Өзін өзі басқару" ұйымының Президенттігіне сайлау өткізілді
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейде оқушылар арасында құрылған "Өзін өзі басқару" ұйымының Президенттігіне сайлау өткізілді. Еліміздің болашағы жастардың қолында екені анық. Мектеп-лицей өз шәкірттерімен мақтанады!!!
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП" семинар
11
сентябрь
2021
"ЖАСЫЛ МЕКТЕП" семинар
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде Б. Өтемұратов қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы мектептерінде "ЖАСЫЛ МЕКТЕП" алғашқы жылыжайлары ашылып, биылғы оқу жылында тәлімгерлер биология бойынша тәжірибелік және факультативтік сабақтарын жылыжайда өткізеді. Осыған орай мектебімізде қала мектептерінің мұғалімдеріне арнайы мамандар келіп, семинар өткізуде.
"Темекінің зияны"туралы мектеп психологтары  8-11сынып оқушыларына  әңгіме жүргізді
10
сентябрь
2021
"Темекінің зияны"туралы мектеп психологтары 8-11сынып оқушыларына
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің мектепішілік МЕДИА-ГРИД жоспарына сәйкес оқушыларға салауатты өмір салтын қалыптастыруды дәріптеу мақсатында "Темекінің зияны"туралы мектеп психологтары Саурықова Сәуле мен Сағатқан Гүлмира 8-11сынып оқушыларына әңгіме жүргізді.
Мектеп медбикесі Джанкуатова Алмагүл оқушыларға түсіндірмелі әңгіме жүргізді.
09
сентябрь
2021
Мектеп медбикесі Джанкуатова Алмагүл оқушыларға түсіндірмелі әңгіме
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде COVID-19 коронавирус инфекциясының алдын алу және бақылау бойынша негізгі іс-әрекеттер өткізілуде. Мектеп медбикесі Джанкуатова Алмагүл оқушыларға түсіндірмелі әңгіме жүргізді.
Инклюзивті білім беру
09
сентябрь
2021
Инклюзивті білім беру
«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыларды анықтап, тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында инклюзивті білім беру мамандары (дефектолог, логопед, тьютор, психолог) мектеп оқушыларын скринингтен өткізіп, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар анықтауда. ЕББҚ бар білім алушыларды
2-11 сыныптар аралығында білім алушылардан кіріс бақылаулары жоспарлы түрде алынды
07
сентябрь
2021
2-11 сыныптар аралығында білім алушылардан кіріс бақылаулары жоспарлы
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа ала отырып, қашықтықтан оқыту кезіндегі олқылықтарын анықтау мақсатында Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің жоспарына сәйкес 2-11 сыныптар аралығында білім алушылардан кіріс бақылаулары жоспарлы түрде алынды. Бақылаудың нәтижесі бойынша қашықтықтан оқу кезіндегі олқылықтарды анықтап, қосымша жұмыстар жүргізу көзделіп отыр.
"Тәуелсіздік -басты құндылығымыз" атты жалпықазақстандық ашық диктант
04
сентябрь
2021
"Тәуелсіздік -басты құндылығымыз" атты жалпықазақстандық ашық диктант
Сүйінбай атындағы 143 мектеп-лицейдің пән мұғалімдері 3-қыркүйек күні сағат 11.00-де синхронды түрде "Тәуелсіздік -басты құндылығымыз" атты жалпықазақстандық ашық диктант жазды.
Оқушылардың бейімделуіне психологиялық қолдау жасау
03
сентябрь
2021
Оқушылардың бейімделуіне психологиялық қолдау жасау
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің мектеп психологтары 5-сынып оқушыларымен орта буынға бейімделуіне байланысты анықтау жұмыстарын жүргізді. Мақсаты:оқушылардың бейімделуіне психологиялық қолдау жасау,бір-бірімен жағымды қарым-қатынас жасауына қолдау көрсету.
Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
02
сентябрь
2021
Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 9-сынып оқушыларымен Жетісу аудандық полиция басқармасының ЖПҚБ ювенальдық полиция бөлмішесінің инспекторы аға лейтенант Сәлменов Р.Б түсіндірмелі әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында оқушыларға түңгі сағат 22.00-ден кейін ата-ананың қарауынсыз көшеде жалғыз жүруге болмайтындығы ескертілді. Күнделікті сабақ барысынан кешікпеу, себепсіз сабақтан қалмау туралы айтылды.