Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз !” атты 3,4-сыныптар арасында  іс-шара өткізілді
09
декабрь
2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Ақпыз,
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз !” атты 3,4-сыныптар арасында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Елімізді мекендеген ұлттардың татулығын, бірлігін, ынтымақтастығын оқушылар бойына сіңіру, достыққа тәрбиелеу. Іс-шараға барлық сынып оқушыларымен қатар сынып жетекшілері де белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сіздердің еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз.
“Ерлігім есіл, өрлігім бойда қуаттап, тік ұстап келем Тәуелсіздік байрағын!
07
декабрь
2021
“Ерлігім есіл, өрлігім бойда қуаттап, тік ұстап келем Тәуелсіздік
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Ерлігім есіл, өрлігім бойда қуаттап, тік ұстап келем Тәуелсіздік байрағын!” атты патриоттық әндер байқауы болып өтті. Байқау жеңімпаздары арнайы мақтау қағаздарымен марапаттал ды
Ел ертеңін ойлаған Елбасы
29
ноябрь
2021
Ел ертеңін ойлаған Елбасы
" "Ел ертеңін ойлаған Елбасы" атты тақырыпта елбасының еңбектерімен танысу мақсатында Ұлттық кітапханаға саяхат. 8 Ә сынып жетекшісі: Қожахметова Ш. Ж.
№143 мектеп-лицейдің 27 жылдық тәжірибесі бар өнегелі ұстазы Мусанова Ляззат Каримовна
17
ноябрь
2021
№143 мектеп-лицейдің 27 жылдық тәжірибесі бар өнегелі ұстазы Мусанова
Алматы қаласы, Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейдің 27 жылдық тәжірибесі бар өнегелі ұстазы Мусанова Ляззат Каримовна Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай, "Елордалық білім" республикалық ақпараттық педагогикалық газетінде сұхбаты жарияланды. Тәуелсіз елдің ұрпақтарын білім нәрімен сусындатып, бала бойына ұлтжандылық сезім мен туған жерге деген құрметті арттыру жолында аянбай еңбек еткен ұстазымызбен мақтанамыз!
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы белсенділері, «Жас ұлан» ұйымы белсенділері
28
октябрь
2021
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы белсенділері, «Жас ұлан» ұйымы
Сүйінбай атындағы #143 мектеп-лицейінің аға тәлімгер, мектеп президенті, ұйым мүшелері, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы белсенділері, «Жас ұлан» ұйымы белсенділерінің қатысуымен ұйым кеңесінің тоқсандық қортындысы болып өтті. Кеңесте І тоқсанда бойынша атқарылған іс-шаралар талқыланып, жіберген кемшіліктер туралы айтылды сонымен қатар мектеп президенті, министрлер өздеріне жүктелген қызметтері бойынша есеп берді.
" АИТВ және оның алдын алу шаралары " тақырыбында дәріс оқыды
20
октябрь
2021
" АИТВ және оның алдын алу шаралары " тақырыбында дәріс оқыды
Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына орай 8-9 сыныптың ұлдарына Алматы қалалық ЖИТС пен күресу орталығының дәрігері Үсенкұл Мадина " АИТВ және оның алдын алу шаралары " тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс соңында оқушылармен сұрақ-жауп ретінде пікір алысты.. Мақсаты: Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін және оның зиянды жақтарын түсіндіре отырып, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
"Тәлімгерлер" айлығы
19
октябрь
2021
"Тәлімгерлер" айлығы
№143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына сәйкес "Тәлімгерлер" айлығында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету аясында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сисенова Балнұр Болатқызы "Hurricane Katrina: the tragedy of New Orleans"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Өзара тәжірибе алмасу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, пікір алмасу.
"Тәлімгерлер" айлығы
19
октябрь
2021
"Тәлімгерлер" айлығы
№143 мектеп-лицейдің мектепішілік жоспарына сәйкес "Тәлімгерлер" айлығында жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету аясында математика пәнінің мұғалімі Себдайырова Ғазиза Манапқызы 11 "А" сыныбымен "Алғашқы функция және интеграл" тарауы бойынша қайталау есептерін шығару тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты: Өзара тәжірибе алмасу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, пікір алмасу.
8-9 сынып қыз балаларымен "Ерте жүктіліктің алдын алу " тақырыбында №2 қалалық аурухана психологы Б.А.Серікбаевна мен аурухана гинеологы А.Белесовнаме
18
октябрь
2021
8-9 сынып қыз балаларымен "Ерте жүктіліктің алдын алу " тақырыбында
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінің мектепшілік жоспарына сәйкес мектеп психологтары 8-9 сынып қыз балаларымен "Ерте жүктіліктің алдын алу " тақырыбында №2 қалалық аурухана психологы Б.А.Серікбаевна мен аурухана гинеологы А.Белесовнамен кездесу өтті.Кездесу ерте жүктіліктің алдын-алу,қыз тәрбиесі мен мәдениеті бойынша кеңестер бере отырып, қыздардың тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді.
"Директорлық сенбі ата-ана үні" атты 8 -сынып ата-аналарымен онлайн кездесу өтті
16
октябрь
2021
"Директорлық сенбі ата-ана үні" атты 8 -сынып ата-аналарымен онлайн
Алматы қаласы Білім басқармасының бастамасымен Жетісу аудандық Білім бөлімінің тапсырмасымен Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде "Директорлық сенбі ата-ана үні" атты 8 -сынып ата-аналарымен онлайн кездесу өтті. Кездесу барысында оқушы қауіпсіздігі, түнгі уақытта оқушылардың ойын-сауық орындарда жүрмеуі, білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, білім сапасын арттыу сияқты мәселелер кеңінен талқыланып, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мектеп-лицей әкімшілігі жауап берді.