27
апрель
2020
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің кітапханашылары Ғ.К.Данабекова мен С.Саурықова
Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің кітапханашылары Ғ.К.Данабекова мен С.Саурықова қазіргі кезде елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты мектебіміздің оқушыларына Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай онлайн кітапхана жұмысын ұйымдастырып Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев туралы мәлімет берді.
Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келген. Руы - Арғын, оның ішінде Қуандық – Темеш.
Рақымжан Қошқарбаевтың 4 жасында анасы дүниеден өтіп, әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагеріне айдалған. Осылайша 13 жасынан жетім қалған соң Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленеді. 7 жылдық мектепті бітірген соң ол Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне жіберіледі.
Соғыс басталғанда Рақымжан Қошқарбаев 16 жаста болады. Ол да ер-азаматтармен қатар майдан шебінде Отанын қорғауға ат салысуға сұранады. 1942 жылдың тамызында 18 жастағы бозбала Қазақстан және Орта Азия сарбаздарын әскери дайындықтан өткізген Көкшетау қаласындағы атқыштар полкі қатарына алынып, осы жерде 1943 жылдың жазына дейін болады. Одан соң Рақымжан Қошқарбаевты Фрунзеге эвакуацияланған Тамбов жалпыкомандалық жаяу әскер училищесіне оқуға жібереді. Тек 1944 жылдың қазанында кіші лейтенант Қошқарбаев училищені үздік тәмамдап, майдан шебіне қосылады. Лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды. 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 жылдың қазан айынан бастап І Беларус майданындағы 150-Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жеріндегі ұрыстарға қатысқан.
1947-1967 жылдары Ақмола облыстық атқару комитетінде нұсқаушы, Қазақ КСР Минстрлер Кеңесі жанындағы қоныс аударушылар жөніндегі бас басқарма испектор. 1967 жылдан "Алматы" қонақ үйінің директоры болды. Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
#ҰлыЖеңіске75 жыл.
#Ересіміелесінде #№143мектеп-лицей #Онлайнкітапхана #Қашықтықтанкітапоқу #ҰлыЖеңіске75жыл #БІЗБІРГЕМІЗ