Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:+77757255575 Секретарь:+>+77089651997, +7/727/382-2046 Есепші бөлімі:+7/727/3821521 eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Жас маман – жарқын болашақ кепілі» атты айлықтың жабылуына орай ұйымдастырылған жас мамандар арасында топтық жарыс өтті.
02
март
2020

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Жас маман – жарқын болашақ кепілі» атты айлықтың жабылуына орай ұйымдастырылған жас мамандар арасында топтық жарыс өтті.

Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейде «Жас маман – жарқын болашақ кепілі» атты айлықтың жабылуына орай ұйымдастырылған жас мамандар арасында топтық жарыс өтті. 
Жарыс мақсаты:  Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Байқау шарты бойынша 3 топ қатысты. Әр топтың атауы және топбасшысы болды.
1 топ – Жас STAR. Топ басшысы – Куккузов Темирлан Мерекеевич
2 топ – Қазына. Топ басшысы – Мылтықбаев Абылайхан Жайдарханұлы
3 топ – Тәуелсіз жастар. Топ басшысы – Каймолдин Еркегали Бакытжарович  
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең «Таныстыру» - әр топ өздерін таныстырды (Видеоролик, слайд).
Мазмұны, көрерменге әсер етуі, орындау шеберлігі, эмоционалдығы ескерілді (5 минут);
2-кезең «Өнер өрге жүзгізер» - әр қатысушының бойында мұғалімдіктен тыс жасырылған өнерлерін көрсетті. Шынайлылығы, мазмұны, көрерменге әсер етуі, орындау шеберлігі ескерілді (5-7 минут);
3-кезең «Біле білген білімді» - әр топқа педагогикалық жағдаят қойылды. Жағдаятты шешу шеберлігі, педагогикалық-психологиялық сауаттылығы, түсінікті баяндауы, жедел әрі нақты жауап беруі, өзіне, жауабына сенімділігі (5 минут).
Байқау соңында 
1 орын Тәуелсіз жастар
2 орын Қазына
3 орын Жас STAR топтары алды, барлық қатысушы жас мамандар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: