02
июнь
2021
9, 11 сынып оқушыларының емтихандары
Алматы қаласы Жетісу ауданы #143 Сүйінбай атындағы мектеп лицейде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің #125 бұйрығына сәйкес 9, 11 сынып оқушыларының емтихандары санитарлық- гигиеналық талаптарға сай жүйелі ұйымдастырылу үстінде. Оқушылардың емтихан барысында арақашықтықты сақтауы, оқу кабинеттерінің алдын-ала кварцталып, оқушылардың дене қызулары тексеріліп, медициналық маскаларының уақытылы ауысуы мектеп медбикесінің бақылауында. Мектеп бітіруші түлектерге алдағы емтихандарына да сәттілік тілейміз!







